Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебіне «Мектепке жол»тақырыбы аясында экскурсия » «Ұлан» балабақшасы
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұзынағаш ауылындағы «Ұлан» балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-25-44
Есепші бөлімі:
+7(775) 268-36-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебіне «Мектепке жол»тақырыбы аясында экскурсия
28
сәуір
2023

Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебіне «Мектепке жол»тақырыбы аясында экскурсия

25.04.2023 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасының   мектепалды «Жауқазын» тобы  жоспарға сай Ұзынағаш ауылындағы  Наурызбай батыр  Құтпанбетұлы  атындағы  орта мектебіне «Мектепке жол»тақырыбы аясында экскурсияға барды.Балаларды мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жетібаева Ақмоншақ Сериковна қарсы алып мектеп ішінде кітапхана,асхана,спорт зал ,сыныптарды аралатып көрсетті. Мектеп кітапханашысы  Мусаханова Гулжан Тұрғанбекқызы кітапханамен таныстырды. Оқушылардың бос уақытында кітапты қалай оқитыны ондағы ережені түсіндірді.
 Мектеп жасына дейінгі баланы ең  қызықтыратыны  – болашақ мұғаліммен танысу, партада отыру, тақтаға бормен  жазу.Соған байланысты балаларды 1Ә сыныбы жетекшісі Байболаева Самал Ериковна , 1 Д сынып жетекшісі Назырова Санам Рафикжановналар өз сыныптарының оқушыларының бір жылғы жетістіктерімен  таныстырды. Балалар өздерін нағыз оқушылар сияқты сезіне алды. Мұғалімнің сұрақтарына бірінші сынып оқушылары ретінде жауап берді.Сонымен қатар  мұғалімдер балаларға мектеп өмірімен және жеке баланың өзін-өзі ұстап жүру қағидаларымен таныстырды.  Спорт залда 1 сыныпта  Серік Сырым Бақытжанұлы өткізген денешынықтыру сабағына қатысып оқушылармен бірге жаттығу жасады. Балалар сыныптағы дене шынықтыру жаттығуын күнделікті өздері балабақшада жасайтын жаттығумен бірдей екенін аңғара білді.     Экскурсиядан балалар қуанышты әсермен балабақшаға оралып, одан алған әсерлерімен бір-бірімен бөлісті. Олардың көпшілігі мектепке тезірек барғысы келетіні туралы айтты.


https://www.youtube.com/watch?v=rbo5Tv1zn9M
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив