Ата -аналармен келісім шарт
Келісім шарт
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "мектепке___ дейінгі ұйым" деп аталатын _«Алматы облысының білім басқармасының Жамбыл ауданы_______ бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұлан» бөбекжай-бақшасы коммуналдық__ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны атынан басшысы Смагулова _ Бахтыгуль
(мектепке дейінгі ұйымның атауы) (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)
Бейсембаевна, бір жағынан және екінші жағынан ______________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуінің __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында
төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
1. Шарттың мәні
1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.
1.2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына бекітілген бұйрығын басшылыққа алады
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Мектепке дейінгі ұйым:
1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
2) ______________ _______ _______ _______ _______ _______ _______ __________________
(білім басқармасының (бөлімінің) атауы)
берген № _______________________________________________________________________
(жолдаманың нөмірі және мерзімі)
жолдаманың негізінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі - Стандарт) айқындалған жас кезеңіне сәйкес баланы топқа қабылдауға;
3) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 21290 тіркелген), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мекепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;
4) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
5) ата-ананың келісімімен баланы медициналық көрсетілімдер кезінде балалар емханасына тексерілуге жіберуге;
6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _7.30_ - __18.00_ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;
7) карантин, бала сырқаттанған жағдайда, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделу, сауықтыру, түзету және оңалту кезінде (көрсетілім бойынша анықтама, қорытынды ұсынғанда), ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдеріне еңбек демалысын бергенде және жазғы мерзімде баланы сауықтыру үшін екі айға дейін демалысын алған уақытта (ата-ананың жазбаша өтініші негізінде) баланың орнын сақтауға;
8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
9) баланы келесі топқа әр жылдың 1-30 тамыз аралығында көшіруге;
10) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), санитарлық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті;
11) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға міндетті.
2.2. Мектепке дейінгі ұйым:
1) балаға ата-ананың қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынуға (ақылы және ақысыз);
2) баланың тамақтануы үшін ай сайынғы төлемақыны мектепке дейінгі ұйым белгілеген мерзімде уақытылы төленбеген, бала дәлелсіз себептермен және әкімшілікті ескертпей бір айдан астам келмеген, дәрігерлік консультациялық анықтамасының негізінде оның мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде баланы мектепке дейінгі ұйымнан шығаруға;
3) баланы алкагольді мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;
4) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;
5) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.
2.3. Ата-ана
1) мектепке дейінгі ұйым Жарғысы мен осы шартты сақтауға;
2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;
3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;
4) жақын туысқандарына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;
5) баланың болмауы туралы алдын ала мектепке дейінгі ұйымды уақытында хабардар етуге;
6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;
7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда Санитарлық ереженің 134-тармағына (Үш және одан көп күн болмаған балалар МДҰ-ға дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасы болған кезде қабылданады) сәйкес денсаулығы туралы анықтама әкелуге;
8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;
9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;
11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып: әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге; кибер мәдениетіне және кибер гигиенасына тәрбиелеуге,
12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға міндетті.
2.4. Ата-ана:
1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;
2) Мектепке дейінгі ұйым Жарғысының және осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;
3) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі
3.1. Баланың тамақтануы (және қосымша ақылы қызметтер үшін) _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Бала дәлелді себептермен ағымдағы төлем жүргізілген айда мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда (карантин, демалыс (ата-ананың өтініші), ауру, емдеу, сауықтыру, түзету мен оңалту (көрсеткіш бойынша анықтама ұсынған жағдайда), нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Дауларды шешу тәртібі
5.1. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
5.2. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор
6.1. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды
6.2. Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.
6.3. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
7.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
7.2. Шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.
7.3. Шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін.
7.4. Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Тараптардың мекенжайы және қолы:
Мектепке дейінгі ұйым
__Қарасай батыр к №86_______ Қолы________________________ Мөрдің орны | Ата-ана: ________________________________ ________________________________ ________________________________ |