"Отан қорғаушылар" күніне тақырыптық кеш
2022 жылдың 5-6 мамыр күндері Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасында 7 – мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған ересек «Бәйтерек»,мектепалды «Жауқазын»топтарында тақырыптық кеш өткізілді. Кеште Отан қорғау күні жайлы, ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттер туралы түсінік берілді.Сонымен қатар балалар өздерінің Отан, туған жер туралы тақпақтар мен әндері арқылы бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын даңқты Отан қорғаушылар үшін мақтаныш сезімін білдірді.