15
маусым
2022
Жазғы сауықтыру кезеңі "Көңілді доптар" апталығы
Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасы бойынша балалар жылы аясында 13маусымнан «Көңілді доптар»апталығы басталды. Апталықтың әр күні тақырыпқа байланысты білім беру салаларына қарай әр түрлі іс –шаралар ұйымдастырылуда.Атап айтқанда «Бір екі үш добым менің ұш» тақырыбында балалардың денсаулығын нығайтуға арналған доптармен жаттығу жасалып қимыл –қозғалыс белсенділіктері арттырылды. «Шығармашылық» білім беру саласына байланысты балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында « Ең көңілді доп » тақырыбында балалар түрлі доптармен таныстырылып соңында асфальтқа әр түрлі көңілді доптар суретін салып тамашалады. Балалардың сөйлеу тілін дамыту және олардың көркем шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мен айтамын тақпақ доптарымды мақтап »тақырыбында синквейн әдісі арқыл 5 жол тақпақ құрастырып доп туралы өздері білетін тақпақтарды мәнерлеп жатқа айтты. Доппен көңілді би қимылдарын жасады.
Іс –шараға жауапты жүргізуші тәрбиешілер Байшигашева Г.Н Мадыханова Н.А Чурекбаева Г.К және музыка жетекшісі Шонаева К.К апаталық барысында балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жан-жақты дайындалып ойын, ән және би импровизацияларын қолданып, балаларды көркем бейнені жасай білуге үйретті.