12
қараша
2022
«Әке көрген оқ жонар»тақырыбында зат қалдықтарынан әкелермен бірге бұйым жасау іс-шарасы
2022 жылдың 19 шілдесінде Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасы бойынша балалар жылы аясында бала бойындағы тұлғалық қасиеттері мен отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда әкенің рөлін насихаттау және балабақша мен ата-аналар ынтымақтастығының бірлескен іс-шараларына әкелерді тарту мақсатында «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»апталығының «Әке көрген оқ жонар»тақырыбында зат қалдықтарынан әкелермен бірге бұйым жасау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс -шара барысында іскер әкелер Ж.Қызырқан қалдық заттарды тиіміді пайдаланудың үлгісі ретінде бұзылып қалаған сағатқа қайта жаңартып өңдеуді ал, Ә.Дәуітбек ер-тұрман, ат жабдықтары туралы түсіндіре отырып ноқта жасау тәсілін және босап қалған пластмасс ыдыстан піл бейнесіндегі гүл салғышты жасап көрсетті.Балалар әкелер жұмысына аса қызығушылық танытты. Өз шеберліктерін балаларға өнеге ретінде көрсетуге уақытын бөліп келген әкелер марапатталды.
https://youtu.be/lqIMlLtKesI
https://youtu.be/lqIMlLtKesI