18
мамыр
2022
№4 Педагогикалық кеңес
31.03.2022 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан» бөбекжай- бақшасында оқу жылының жоспарына сәйкес «Зияткерлік ойындар баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың басты құралы» тақырыбында кезекті №4 Педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте тәрбиеші Дуйсенова Н.А «Бала шығармашылығын зияткерлік ойындар арқылы дамытудың маңызы» музыка жетекшісі Шонаева К.К «Музыка оқу қызметінде интеллектуалды ойындарды қолдану тиімділігі» психолог А.А.Малдыбаева « Дарынды балалармен жұмыс жасауда зияткерлік ойындарды пайдалану» Г.Ашимова « Тәрбиелеу мен оқыту процесінде балалардың денсаулығын қорғау жұмыстары туралы» тақырыптарында шебер-сынып өткізіп іс- тәжірибелерімен бөлісті.







